Доллар бағамы 1,42 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 1,42 теңгеге қымбаттады
Фото: yakutsk.ru
650
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 1,42 теңгеге қымбаттады.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,42 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 474, 95 теңге. Ұлттық банктің 11 қазандағы ресми бағамы 1 долларға - 473, 38 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде  доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 478,5 теңге. Ресей рублі 7,11 - 7, 31 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 11 қазан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,62 теңге.