Астанада бала күтуші үй иесін тонап кетті
Астанада бала күтуші үй иесін тонап кетті
Фото: yandex.kz
693
оқылды
Астанада бала күтуші үй иесінің ақшасын ұрлаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде, үй иесінің ақшасын тонады деген күдікпен бала күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады. Тергеу барысында 27 жастағы әйелдің осы жылдың қыркүйек айында бала күтуші болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Бір айдан астам уақыт жұмыс істеп келген күдікті үй иесінің жоқтығын пайдаланып, шкафтағы қораптан ақша тауып алған. Ақшаны иемденіп алған ол үй иесі ақшаның жоғалғанын біліп, полицияға хабарласқанға дейін жұмысын жалғастыра берген. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бала күтуші кінәсін мойындады.