Астанада қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал талқыланады
Астанада қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуал талқыланады
Фото: inform.kz
417
оқылды
Астанада Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан президенті Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленісті талқылайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Қазақпараттың» дерегінше, Қырғыз президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев келіссөзді өткізуге Ресей президенті Владимир Путин мұрындық болып отырғанын айтты. Бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталады. Қырғыз Республикасының басшысы Садыр Жапаров пен Тәжікстан Республикасының басшысы Эмомали Рахмонның бірлескен кездесуі Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Ол Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара мәселелерін шешуге көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. 12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Оған Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР төрағасының орынбасары қатысады.