Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин саммитке қатысу үшін Астана қаласына келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ресей президентін әуежайдан Премьер-Министр Әлихан Смайылов қарсы алды.
Владимир Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.
Бұған дейін Астанада Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан президенті Ресей президенті Владимир Путиннің бастамасымен қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленісті талқылайтынын хабарлаған болатынбыз.