Болат Қалымбетов: Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай...
Болат Қалымбетов: Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай...
269
оқылды
Бүгінде дүниежүзінде болып жатқан геосасия жағдайды бүкіл адамзатты алаңдатады. Алысқа бармай-ақ, Украинаның өзін алайық. Олардың жағдайың көріп, жаның ашиды, жүрегің ауырады. Құдай басқа бермесін! Қазақстанда ғана емес, жер бетінде тыныштық болса екен. Қазір саясаткерлердің екі сөзінің бірі – атомдық соғыс. Бұл – сұмдық. Ойға бірден баяғы Хиросима мен Нагасаки жарылысы түседі. Қаншама жан қаза тапты. Міне, сондайды біздің басымызға бермесе екен. Қазақстанның азаматы ретінде ең әуелі еліміздің тыныш болғанын қалаймын. Ал елдегі тыныштықтың гаранты - Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Біріншіден, көзі ашық, көп оқыған, мықты саясаткер. Екіншіден, Президенттің қыркүйекте халыққа жолдаған Жолдауын жақсы білеміз. Жүрекке сенім ұялады. Ел тұғырын көтеру мақсатында көп мәселелер көтерген. Енді, соны қолға алып, жүзеге асыру керек. Соның басқы қадамы -  20 қараша күні кезектен тыс өтетін Президент сайлауы. Оған халық болып, ел болып бәріміз жұдырықтай жұмылып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдаймыз деп отырмыз. Себебі, елдегі экономикалық жағдайымыз жақсарса, білім де, мәдениет те, өнер де, халықтың әлеуеті де күшейе түседі. Сондықтан еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай...