Шымкент тұрғыны өз үйінде өзі жанып кетуге шақ қалды
Шымкент тұрғыны өз үйінде өзі жанып кетуге шақ қалды
Фото: vestivrn.ru
328
оқылды
Шымкентте 42 жастағы тұрғын өз үйінде өрттен зардап шекті. Өрт сөндірушілердің мәліметінше, оқиға Қаратау ауданы «Нұрсәт» шағынауданында көпқабатты тұрғын үйде болған. Үшінші қабаттағы үш бөлмелі пәтердің жатын бөлмесіндегі жиһаз және көрпе-төсек өртке оранған. Оқиға орнына жедел жеткен №5 өрт сөндіру бөлімінің мамандары, түтінге уланып қалған 1980 жылғы ер адамды құтқарды.
«Түнгі сағат 00:05-те «101» басқару пультіне хабар түсті. Өрт сағат 00:27-де оқшауланып, сағат 00:37-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер зардап шеккен азаматқа қажетті көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды» делінген ресми ақпаратта.
Бұған дейін Шымкентте анасы мен қызын қағып кеткен жол апаты туралы жазған болатынбыз.