Доллар бағамы 2,16 теңгеге арзандады
Доллар бағамы 2,16 теңгеге арзандады
Фото: yakutsk.ru
541
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,16 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476,89 теңге болды. Ұлттық банктің 14 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 479,32 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге арзандап, 7,57 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478 теңге. Ресей рублі 7,23- 7,43 теңге аралығында саудаланып жатыр.