«ҚХА Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде, дәл қазіргі уақытта елімізге бірлік пен тұрақтылық қажет деп санаймын. Бұл мызғымас құндылықтар «АМАNАТ» партиясының тұғырнамасында көрініс тапқан», – деп атап өтті халық қалаулысы.
Қостанай қаласында «TALQYLAU» өңірлік диалог алаңының отырысы өтті. Талқылау барысында Қазақстан Халық партиясы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Андрей Коваль Халықтық коалицияның құрылуы – қоғамның саяси тұрғыда жетілгендігінің дәлелі екенін атап өтті.
«Әрине, Қазақстанның әр азаматы өз қалауына қарай таңдау жасай алады», – деді ол. Алматы қаласындағы коммерциялық кәсіпорынның басшысы Дархан Төлеуов экономиканы дамыту мәселесіне назар аударды. «Шағын және орта бизнес – бұл кез келген мемлекеттің тірегі. Сондықтан, «AMANAT» партиясы өзінің Саяси тұғырнамасында кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне баса назар аударғанына қуаныштымын», – деді ол.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Еңкес ауылында аманаттықтар минералды су шығаратын зауыттардың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.
«Халықтық коалицияның белсенділері Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында 400 мыңға жуық азаматтың қолын жинай алды. Әділетті Қазақстанды қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы ғана құруға болады», – деді «Күркелес» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұхит Әсілов.