Қостанайлық 6 жасар екі баланың өлімі есірткіден болуы мүмкін
Қостанайлық 6 жасар екі баланың өлімі есірткіден болуы мүмкін
Қостанай облысында екі 6 жасар бала жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Полиция осы іс бойынша соталды тергеуді бастады. "Наша Газета" мәліметінше, мессенджерлерде әйел адам екі баланың өліміне есірткі себеп болуы мүмкін екені айтылып жатқан аудио тараған.
"Үш күн бұрын әйел екі баласымен дүкенге барған, балалар сыртта қалған. Үйге келген кезде балалардың қолында белгісіз ер адам берген кәмпит болған. Кешке ұйықтар кезде ұлдары айғайлап, күле бастаған. Әйел балаларын көтерсе, олар өздігінен тұра алмаған. Осылайша, балаларды жедел жәрдем алып кеткен, бірақ келесі күні олар үйіне жіберілген. Сол күні екі бала жұмбақ жағдайда қайтыс болған", - деп жазады басылым.
Ал "Алау" басылымының мәліметінше, дәрігерлер балалар уланып қалған болуы мүмкін екенін айтады. Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаеваның сөзінше, балалардың өлім себебін сарапшылар анықтайды.
"Оның ішінде, улануға қатысты сараптама да тағайындалды. Уланып қалуы да мүмкін. Қазірдің өзінде қажет материал алынды. Токсикологиялық сараптаманың нәтижесі 12-14 күннен кейін белгілі болады", - дейді Ксения Жылқыбаева.