ОСК президенттікке екінші кандидатты ресми тіркеді
ОСК президенттікке екінші кандидатты ресми тіркеді
299
оқылды
20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында Мейрам Зекешұлы Қажыкенді Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы шықты. 
"1. Мейрам Зекешұлы Қажыкен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін. 2. Мейрам Зекешұлы Қажыкенге Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың куәлігі берілсін. 3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын", - делінген құжатта.