Рихтердің бірінші абстрактілі картинасы 20,4 миллион долларға сатылды
Рихтердің бірінші абстрактілі картинасы 20,4 миллион долларға сатылды
319
оқылды
Лондонда германиялық абстракционист Герхард Рихтердің "192 түс" деп аталатын шығармасы аукционда 20,4 миллион доларға сатылды. Stan.kz-тің мәліметінше, "192 түс" картинасы 1966 жылы салынған. Бұл Рихтердің алғашты абстрактілі картинасы болды. Sotheby’s аукцион үйінің сайтында лот бағасының “Рихтер шығармашылығының алғашқы кезеңінің тарихи маңызын көрсететіні" жазылған.
"Өз мансабында Рихтер түстер, формалар, композициялар мен сюжеттерді зерттеген. Сонымен қатар "192 түс" минималистік картинасы суретшілер арасында наразылық туғызды. Сондықтан қазір белгісіз әлемге аяқ басқан батыл суретші ретінде белгілі", – делінген хабарламада.
Герхард Рихтер – бүгінгі таңдағы ең ықпалды суретшілердің бірі. Өз мансабында 10-нан аса марапат алған. Ал жұмыстары әлемдегі ең қымбат картиналардың қатарына енеді.