Ағайынды Нығматулиндерге қарсы іс қозғалғаны рас па? Антикор басшысы жауап берді
Ағайынды Нығматулиндерге қарсы іс қозғалғаны рас па? Антикор басшысы жауап берді
© azattyq-ruhy.kz
873
оқылды
Антикор басшысы Олжас Бектенов желіде лауазымды тұлғаларға қатысты қозғалған қылмыстық істерге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның ағасы Ерланға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат пайда болды», – деген сұрақ сұхбат барысында Бектеновке қойылды.
Ол өндірісте қазір аталмыш тұлғаларға қатысты қылмыстық іс жоқ екенін жеткізді.
«Меніңше, атышулы істерді, танымал лауазымды адамдарды аңдудың қажеті жоқ, бұл дұрыс емес... Аталған тұлғалар бойынша бүгінде өндірісте олардың күдікті екені туралы қылмыстық іс жоқ деп айта аламын», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.
Айта кетейік, осыған дейін ҚазТАГ Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен оның егіз інісі Ерлан Балқашта рейдерлік басып алу қылмыстық ісі бойынша тексеріліп жатқанын жариялаған болатын.