«Денесіне темекінің шоғын басқанға ұқсайды» – Атырауда ер адам анасының зейнетақысын алып отырған (видео)
«Денесіне темекінің шоғын басқанға ұқсайды» – Атырауда ер адам анасының зейнетақысын алып отырған (видео)
Фото: Жанат Жақсыбайқызының Facebook-тағы парақшасынан алынды
4,806
оқылды
Атырау облысында 74 жастағы қарт ана өзінің ұлымен бірге тұрады. Алайда анасының ауырып жатқанына қарамастан, аяқ-қолы балғадай ұлы анасына қарамаған. Бұл туралы Facebook-та ZTB Qazaqstan видео,  Жанат Жақсыбайқызы жазба жариялады. «Мына үйдің ішіне кіру мүмкін емес, сасып тұр, лоқсып әрең жүрдік. Лунараның қолында суреттер бар. Қартқа күш көрсетіліп, үстіне темекі басқанға ұқсайды. Бүгін әжені ауруханаға алып кетті. Полиция, әлеуметтік қызметкерлер мұны аяқсыз қалдырмайды деп сенеміз.​    width= Күтуші болып, зейнетақысы мен үкіметтен берілетін барлық көмекті алып отырған ұлға шара қолдансын. Әжейдің бүкіл денесін дәрігерлер тексеріп, анықтама берсін! Қарт ананы қарттар үйіне жатқызу керек!», – дейді жазбаның авторы.    width= Сондай-ақ, бұл жағдайды әлеуметтік қызметкерлер білмейді. Ал учаскелік полицейлер мүлдем бейхабар.    width= Фотолар Жанат Жақсыбайқызының Facebook-тағы парақшасынан алынды Ескерту! Видеоны жүйкесі жұқарған, жүрегі әлсіз адамдардың көруіне болмайды.   Видео Жанат Жақсыбайқызының Facebook-тағы парақшасынан алынды. Бұған дейін Атырау облысында ағасының мәйітін үйінде жарты жыл сақтаған мұғалім туралы жазған болатынбыз.