Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстікте, солтүстік-батыста жаңбырдың соңы қарға ұласады.
Тек, кезеңнің басында еліміздің оңтүстігінде, кезең бойы оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі.
Жалпы республика бойынша желдің күшеюі, 22 қазанда солтүстікте – көктайғақ, оңтүстіктің таулы аудандарында найзағай күтіледі.