Үштөбеде жол жөндеушілер темір жол рельсін асфальттап тастаған
Үштөбеде жол жөндеушілер темір жол рельсін асфальттап тастаған
440
оқылды
Жетісу облысының Үштөбе қаласындағы темір жол рельстерінің үстінен асфальт төселгені туралы ақпаратты ІІМ тексерді.  Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері оқиға болған жерге барып, бұзушылық дерегін анықтады.
«Жөндеу жұмыстары кезінде теміржол рельстері жабылғаны белгілі болды. Аталған учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізген және бұзушылыққа жол берген жол ұйымы жауапкершілікке тартылды. Қазіргі кезде теміржол өтпелері қалпына келтірілді», - делінген хабарламада.