Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің құрамына қайта сайланды
Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің құрамына қайта сайланды
Фото: mangystaumedia.kz
408
оқылды
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдарға Ұлттық Олимпиада комитеті қауымдастығының атқару комитетінің құрамына қайта сайланды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz. Оның кандидатурасын Азия Олимпиадалық Кеңесі (АОК) континент өкілі ретінде ұсынды. Тимур Құлыбаев 2015 жылдан бері Құрлықтық қауымдастықтың Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті. Айта кетейік, Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі комиссиясының белсенді мүшесі.