– Жобаға дейін округте 131 жеке кәсіпкер тіркелсе, несиелендірудің аясында 381-ге көбейді. 83 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 113 отбасыға азайды, – дейді Қордай ауданының әкімі Мәден Мұсаев.Жүйелі жұмысты жуырда елді мекенге жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов те оң бағалады. [caption id="attachment_223411" align="aligncenter" width="1634"]
© коллаж: Елдар Қаба[/caption]
– Ет, сүт өнімдерін өткізуде делдалсыз, тікелей өткеруді ұйымдастыру керек. Әрбір пайда ауыл тұрғындарының қалтасына түсуі қажет.
Бұл жобаның тәжірибесін Мемлекет басшысының өзі қолдап, ел көлемінде таратуды тапсырып отыр. Осындай игі бастама аясындағы жұмыстарды жүйелей түсу керек.
Ауыл әкімі елді мекендегі әр отбасының жағдайынан хабардар болуы тиіс. Мемлекет қолдауларды ауылдықтар сезінуі маңызды. Ол үшін ауыл әкімі барлық жеңілдіктер мен мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін өзі жете түсініп, халыққа жеткізуі қажет, – деді Нұржан Нұржігітов.Асылтұқымды мал шаруашылығы дамып келеді «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» дейді дана қазақ. Қазір Жамбылда асылтұқымды қой шаруашылығын дамытып, толағай табысқа кенеліп отырған шаруалар аз емес. Сондай қожалықтың бірі – Меркі ауданындағы «Ниет» шаруа қожалығы. Бұған дейін егін шаруашылығымен айналысып келген қожалық енді асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Өткен жетіде аталған шаруашылық Ұлытау облысынан 800 бас асылтұқымды Еділбай қойын әкелді. Оның 700 басы тұсақ, 100 басы – тоқты. Барлығы – аналық бас.
– Қой ұсақ мал болғанымен, пайдасы едәуір көп. «Кисең киім, жесең тамақ» болатын қой шаруашылығының берері мол. Мұндағы бар мақсатым – мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын дамыту. Көзін тапқан адамға кәсіп – нәсіп алып келеді, – дейді «Ниет» шаруа қожалығының басшысы Тәуіржан Алтынбаев.Меркі ауданының тұрғындары бұл іске қуанып, оң көзқарас танытып отыр. Адал еңбекпен айналысқан адам көздеген мақсатына жетеді деген – осы. Айта кету керек, облыста бүгінгі күні 3,3 млн бас қой болса, ондағы асылтұқымды қойдың үлес салмағы 28,3 пайызды құрайды. Ал, асылтұқымды қой өсірумен 993 шаруашылық айналысса, онда 414 мың бас қой бар.
Жамбыл облысы