ҰҚК «Бейнеуліктер» қылмыстық тобын ұстады
ҰҚК «Бейнеуліктер» қылмыстық тобын ұстады
Фото: gov.kz
549
оқылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыстың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін төмендету бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Биыл 11 қазанда бірнеше кезеңнен тұратын жедел жұмыстардың нәтижесінде, бір уақытта Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметін жұмылдыра отырып, қоғамға қауіпті «Бейнеуліктер» қылмыстық тобының заңға қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция іске асырылды.    width= Топ мүшелері «Тәжен» өткізу пунктінде (Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Мемлекеттік шекара) шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалады және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген.    width= Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 белсенді мүшесі ұсталды. Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілді. Ұйымдасқан қылмыс тарапынан төнетін қауіпті бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.