Ішкі істер министрлігі тұрғындарға SMS-хабарлама жіберіп жатыр
Ішкі істер министрлігі тұрғындарға SMS-хабарлама жіберіп жатыр
Фото: iuldash.ru
988
оқылды
Ішкі істер министрлігі бүгіннен бастап тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға SMS-хабарламаларды жіберуді бастады. Polisia.kz-тің мәліметінше, егер сізге осындай SMS-хабарлама келіп түскен болса, онда ІІМ дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелу қажет. Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты – нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайту (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау үшін). Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 492-бабы). Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметі «Электронды үкімет» порталында, сондай-ақ Halyk Homebank мобильді қосымшасында қолжетімді. Сіз өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелгеніңізді порталдағы «Жеке кабинетте» (eGov.kz) немесе eGov mobile мобильді қосымшасынан тексере аласыз.