Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Кездесуде қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Жабал Ерғалиев Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдайтынын жеткізді.