Алматы - Бішкек рейсіне отыруы керек жолаушысының тексеру рәсімінен өту кезінде қуаттағыш құрылғысы жарылды.
"Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматы - Бішкек бағыты бойынша КС 109 рейсімен ұшатын Т.М. жолаушысында портативті зарядтағыш (Power bank) өртеніп кетті. Жолаушыларды зарядтау құрылғыларын тасымалдау ережелері туралы хабардар ету мақсатында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ әуекомпанияның ережелерін басшылыққа алуға және қажет болған жағдайда кеңес алуға, сондай-ақ тіркеу рәсімінен өту кезінде әуекомпания мен әуежайлардың қызметкерлерін зарядтау құрылғыларының бар екені туралы хабардар етуге қатаң кеңес береді", - делінген хабарламада.