Ақтөбеде жас жігіттің мойын тұсына екі рет пышақ сұққан
Ақтөбеде жас жігіттің мойын тұсына екі рет пышақ сұққан
318
оқылды
Ақтөбеде 17 жастағы бозбала 19-дағы жігіттің мойын тұсына екі рет пышақ сұққан, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.
«22 қазан күні сағат 17:30 шамасында 17 жастағы жасөспірім «Keruen City» ОСО-ның екінші қабатында 19 жастағы жігіттің мойнына екі рет пышақ сұққан. Жәбірленуші Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, осы факті бойынша ҚК-нің 24-99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.