Қасым-Жомарт Тоқаев кеше басталған үгіт-насихат жұмыстарына өзі қатыса ма, жоқ па?
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше басталған үгіт-насихат жұмыстарына өзі қатыса ма, жоқ па?
271
оқылды
Бұл сауалға Нартай Аралбайұлының Үoutube арнасында Парламент Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының жетекшісі Ерлан Қошанов жауап берді.
«Сайлау кезінде өмір тоқтап қалмайды ғой. Сырттан келетін қатерлер бар, ішкі проблемалар бар, өңірлердің де шаруалары жетерлік. Мұның барлығы шешімін күтіп отыр. Сол себептен Президент өзінің өкілеттігін жалғастыра беруі керек деп білемін. Сайлау екен деп, екі ай бойы ел президентсіз отырмауы керек қой. Сондықтан Мемлекет басшысы жұмысын істей береді. Оның жұмыс кестесі өте тығыз. Осыған байланысты үгіт-насихат жұмыстарының барлығын коалицияның республикалық, өңірлік штабы атқарады», – деді спикер.
Ерлан Жақанұлы, сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігіне, оппозицияға, жемқорлық мәселелеріне қатысты сауалдарға жауап берді. Мәжіліс Төрағасымен әңгіме барысында депутаттардың белсенділігі, «Тұңғыш Президент – Елбасы» туралы Заң туралы да жан-жақты сөз болды. Сұхбаттың толық нұсқасы төменде: