Оралда барар жері жоқ әйел балаларымен аялдамада түнеп жүр
Оралда барар жері жоқ әйел балаларымен аялдамада түнеп жүр
Фото: mgorod.kz
1,242
оқылды
Оралда үш баласы бар әйел аялдамада түнеп жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Zakon.kz-тің дерегінше, балалардың анасы ішімдік ішпейді. Учаскелік полицей рейд кезінде Ет комбинатының жанындағы аялдамада бала-шағалы әйелді байқайды. Оның барар жері жоқ болған соң, балалармен автобус аялдамасында түнеген. Мән-жайды анықтаған соң барлығы полиция бөліміне жеткізілді. Кейінірек төрт жасар екі егіз балаларды қолдау орталығына жіберді. 11 айлық ұл ауруханаға жатқызылды. Бала толық тексеруден өткізіледі. Әйелге жұмыс тауып беру мәселесі қарастырылып жатыр.