Сәтбаев қаласында көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты
Сәтбаев қаласында көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты
462
оқылды
Әлеуметтік желіде Сәтбаев қаласында көліктің өртеніп жатқан видеосы пайда болды.
«25 қазан күні Жезқазған – Есіл – Петропавл трассасында, Сәтбаев қаласынан Жезқазғанға шыға берер жолда Mercedes көлігінің 58 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, қаланың атауы жазылған бағанға соғылған. Оқиға салдарынан көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында мерт болды»,– деп хабарлады Ұлытау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.