200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтінім берді
200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтінім берді
Фото: tengrinews.kz
351
оқылды
Биыл 21 қыркүйектен бастап жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін 200 мыңға жуық шетелдік азамат өтінім берді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.
«21 қыркүйектен бастап шетелдіктерден ЖСН алу үшін 200 мыңға жуық өтінім түсті. Қазақстанда бизнес ашып немесе жұмысқа орналасқысы келетін кез келген шетелдік азаматқа банктен шот ашу үшін ЖСН керек», – деді Әсет Тұрысов.
Бұған дейін министр Бағдат Мусин он шақты күнде 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алғанын айтқан еді.