Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-26.10.2022
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-26.10.2022
© egemen.kz
545
оқылды
«Қазгидромет» РМК  27-29 қазан аралығындағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 27 қазанда еліміздің солтүстігінде жауын-шашын, ал 27-28 қазан күндері шығыс аймақта нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады. Аптаның ортасында солтүстік-батыс антициклоны батыс облыстарға, одан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауысып, жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендей түседі. 28 қазаннан бастап еліміздің батысына циклон ықпал етіп, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 27 қазанда оңтүстікте, 27-28 қазанда оңтүстік-шығыста атмосфералық фронталды жүйелердің өтуіне орай жауын жауады: таулы аймақтарда нөсер жауын (жаңбыр, көктайғақ) жаады. Республика бойынша жел күшейіп, батыс, солтүстік және шығыста көктайғақ болып, тұман түседі. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы: - батыста ауаның температурасы түнде -8 Сº аяз – +7 Сº-тан -2 Сº аяз +8 Сº жылыға дейін көтеріледі, ал күндіз 3-15 Сº-тан 2-10 Сº-қа дейін төмендейді. - солтүстік-батыста түнде -10 Сº суық +5 Сº-қа дейін жылып, күндіз -5 Сº суық +5 Сº-қа дейін жылиды. - солтүстікте температура -5 Сº суық +5 Сº-қа дейін жылиды, күндіз -3-5 Сº-тан 0-5 Сº аязға дейін аздап құбылады. - орталықта -8 Сº аяз +6 Сº-қа дейін жылиды, -3-13 Сº аяз болады, күндіз -5 Сº аяздан +10 Сº-қа дейін жылиды. - шығыста түнде -5 Сº аяз 5 Сº-қа дейін жылып, -3-12 Сº аязға дейін төмендейді, күндіз негізгі фон +5-12 Сº жылыдан -6 Сº аяз +2 Сº жылыға дейін сақталады; - оңтүстікте түнде -3 Сº аяз +8 Сº жылы болса, күндіз +2-10 Сº-тан +7-15 Сº-қа дейін жылиды; - оңтүстік-шығыста түнде -8 Сº аяз - 10 Сº-қа дейін жылып, 10 Сº аяз – 5 Сº-қа дейін жылиды, күндіз +2-15 Сº жылы -5 Сº аяз +10 Сº жылыға дейін төмендейді.