Пойыздағы төменгі орындар қымбаттайды
Пойыздағы төменгі орындар қымбаттайды
Фото: ekaterinburg.bezformata.com
1,820
оқылды
Қазақстанда коммерциялық пойыздағы төменгі және жоғары орынның бағасында 1 желтоқсаннан бастап 20 процент айырмашылық болады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғары және төменгі орындарға жол жүру ақысына жаңа тәсілді енгізеді. Жоғары және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы  20 пайыз болады», – делінген ресми хабарламада. Төменгі орындар мына бағыттағы жолаушылар пойызында қымбаттайды: №111/112 «Алматы – Маңғыстау»; №51/52 «Алматы – Орал»; №105/106 «Алматы – Петропавл»; №71/72 «Астана – Шымкент»; №29/30 «Алматы – Атырау».