Бүгінгі интернет Web 3.0 деп аталады. Бірақ зерттеушілер ғаламдық интернеттің дами беретініне және болашақта мүлдем басқаша болатынына сенеді.Мұның себебін іздеген Lenta.ru-дың журналистері жаңа технология бүгін белгілі болған интернетті қашан алмастыратынын және одан кейін әлем қандай болатынын талдаған. Технологияға тәуелді болудың жай-жапсарын Aikyn.kz саралап көрді. [caption id="attachment_224145" align="aligncenter" width="1590"] "Адам, қорықпайсың ба? Технологияларға тәуелді болу күшейді". Фото Getty Images сайтынан алынды.[/caption] Жаңа интернет адамдарды өткен кезеңдерге қайтарады 2019 жылы журналист Саманта Гринделл тәжірибе жасап, 2010 жылы қалай өмір сүрсе, бір күнін дәл сол кездегідей қайталағысы келеді. Гринделл таңертеңнен қағидасын өзгертті. Таңертең Starbucks-қа келіп телефонымен кофеге тапсырыс берді. Бірақ мұндай қызмет кофеханада 2015 жылы ғана қолжетімді болды.
«Сатып алу» түймесін басқаннан кейін, мен 10 жыл бұрын кофе алғым келсе, кезекте тұруым керек екенін түсіндім», – дейді Саманта.Келесіде Apple Music қызметі арқылы музыка тыңдау ережесін де өзгертті. Бірақ бұл қызмет тек 2015 жылы пайда болған еді. Тәжірибе соңында Гринделл 2010 жылғы өмірді қайталау бір қарағанда оңай болғанымен, бірнеше жыл бұрын болмаған технологиялар мен қосымшаларға бүгінде өзінің тәуелді екенін анықтады. [caption id="attachment_224148" align="aligncenter" width="1800"] "Адам, қорықпайсың ба? Жаңа әлемнің адамға пайдасы мен зиянын бүгін ешкім білмейді". Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Интернеттің болашақта түбегейлі өзгеретінін ғалымдар да, сарапшылар да мойындайды. Дегенмен қарапайым пайдаланушылар өзгерістердің қаншалықты жылдам болатынын түсінбеуі мүмкін.
Сарапшылар технологияның әсерімен болатын адам өміріндегі эволюция көп күттірмейтінін айтады. Оған ғасыр немесе ондаған жылдың керегі жоқ.Ойдың күшімен такси шақыру, тікелей миға құйылатын оқу бағдарламалары, өткенге саяхаттау, басқа адамның келісімі бойынша оның ойын оқу – бұл, сарапшылардың пікірінше, жақын болашақта интернет арқылы қолжетімді болатын технологиялар. [caption id="attachment_224149" align="aligncenter" width="1798"] "Адам, қорықпайсың ба? Эволюция көп күттірмейді". Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Оптимистік болжамдар бойынша, технология – адамның көңіл күйін басқарып, психикалық жағдайын бақылауға алады, тіпті қан құрамын тұрақты сақтауға мүмкіндік береді.
Мұның бәрі XXI ғасырдың ортасына қарай, одан да ертерек – 2035 жылға қарай сынақ түрінде енгізілуі мүмкін.Бұл прогресс адамдар мен машиналар бір-бірімен тікелей әрекеттесіп, мидан сигналдарды керемет жылдамдықпен жіберуді игерудің арқасында мүмкін болады. Ең консервативті бағалаулар бойынша, болашақтың интернеті қарапайым адамдар үшін қолжетімді болатын сәттен бізді ширек ғасырдан сәл астам уақыт бөліп тұр. Бірақ қазір ғалымдар мен футурологтер бұл технологиялардың жалпы концепциясы туралы ғана айта алады. [caption id="attachment_224150" align="aligncenter" width="1310"] "Адам, қорықпайсың ба? Машина адамға керек контент негізінде ойланып шешім қабылдайды". Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Толыққанды нейронеттің 2035 жылы пайда болатыны туралы да болжамдар бар.
«Дәл қазір қазіргі Web 3.0 үлгісін алмастыратын Web 4.0 болашақ интернеті туралы айту қиын. Ол адам мен машина бірге ойлап, өзара әрекеттесе алатын «симбиотикалық» желі болады деп нақты айта аламыз. Сонда машинаға пайдаланушы сұрауларының нәтижелері мен нақты адамға керек контент негізінде ойланып шешім қабылдайтын рөл беріледі. Шешімдер тек қолданушының қалауы негізінде ғана емес, сонымен қатар адамзат өмірі, қоғам мен жеке адамдардың қажеттіліктері мен сұраныстарына арналған зерттеулер негізінде қабылданады», – дейді Коттаяма үндістандық ақпараттық технологиялар институтының докторы Кешаб Нат (Keshab Nath)."Адам, қорықпайсың ба? Адам мен машина бірге ойлап, өзара әрекеттесе алатын «симбиотикалық» желі болады". Фото Getty Images сайтынан алынды [caption id="attachment_224152" align="aligncenter" width="1200"] Адам, қорықпайсың ба? Web 4.0 (нейронет) заманауи интернетті алмастырады.
Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Ғалымдар Web 4.0 туралы Ғалымдар Web 4.0 деп атайтын интернет дамуының келесі кезеңі Web x.0-дің жалғасы деп саналады. Яғни, интернет пен онымен байланысқан технологиялардың дамуын сипаттайтын эволюциялық модельдер мен әдістемелер жиынтығы. Интернеттің практикалық дамуының басы 1991 жылдан 2004 жылға дейін созылған Web 1.0 кезеңі болды. Компьютерлер бір-бірімен өзара әрекеттесуді АҚШ Қорғаныс министрлігі желілік TCP/IP протоколдарын ойлап тапқаннан кейін ғана үйренді.
Web 1.0 заманында интернеттегі беттер қарапайым дизайнмен сипатталды, ал пайдаланушы жай ғана мазмұнды қабылдаушы болды. Бұл кезеңді Web 2.0 ауыстырды. Қолданушылар интернетте болып жатқан оқиғаларға белсенді түрде қатысып, өз беттерін жасап, өз контентін жариялай бастады. Дәл Web 2.0 кезеңінде форумдар мен әлеуметтік желілер жаппай дамыды.2010 жылдың ортасында Web 3.0 өмірге келіп, бүгінге дейін жалғасып келеді. Заманауи интернет алдыңғыларға қарағанда әлдеқайда интерактивті: пайдаланушылар әлдеқайда көп мазмұн мен деректер жариялайды, ал технологиялық алпауыттар оны өз пайдасына өңдейді. Екінші жағынан, дәл осы кезеңде пайдаланушы деректеріне ие компаниялар жаһандық экономикаға өте күшті әсер ете бастады. Адамзат өмірі тұтастай интернетке көшірілді. Ол өмірдің, жұмыстың және демалыстың маңызды бөлігіне айналды. [caption id="attachment_224153" align="aligncenter" width="1800"] "Адам, қорықпайсың ба? Интернет «ойлана» бастайды, жасанды интеллект өзі қажет деп санаған заттарды, көзқарастарды ғана адамға ұсынады". Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption]
Заманауи интернетті алмастыратын Web 4.0 (нейронет) – бұл әртүрлі бағалаулар бойынша, 2040-2050 жылдары келетін болжамды кезең. Бұл кезеңде адам мен компьютер тікелей байланыса алады. Ғалымдар дәл осы кезеңде пайдаланушы үшін интернет «ойлана» бастайды, жасанды интеллект өзі қажет деп санаған заттар мен көзқарастарды ғана адамға ұсынады деп болжайды.Адам желіге толығымен еніп, шынайы өмір мен виртуалды әлем барған сайын тығыз байланысқа түседі. Құрылғылар мен адам миын қосатын желі бірнеше тәсілмен іске асуы мүмкін.
Бірінші, арнайы операцияның көмегімен адам миына чип орнату. Миға тігілген микросхеманың көмегімен адамдар бір-бірімен және машиналармен ешбір құрылғысыз тікелей байланыса алады.Болашақ адамы бейнелерді, ойларды, кескіндерді және басқа да дерек түрлерін қабылдайды және тарата алады. Бұл жерде Web 4.0 дамуының негізгі кедергілерінің бірі – нейрохирургия мәселесі. [caption id="attachment_224154" align="aligncenter" width="1601"] "Адам, қорықпайсың ба? Арнайы операцияның көмегімен адам миына чип орнатылады". Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Алдағы онжылдықтарда нейрохирургияда тың серпіліс болмаса, ғалымдар миды компьютерге қосу үшін басқа технологияларды пайдаланбақ. Мысалы, олар шаң сияқты барлық жерде ұшатын, бірақ қоршаған ортадан, оның ішінде адам ағзасынан деректер жинап, тасымалдай алатын «ақылды шаң» – нано-бөлшектерді қолдану.
«Ақылды шаң» немесе басқа да біз ойымыз жетпеген технологиялар қолданушыға онлайн әлемге қосылуға мүмкіндік береді. Осылайша, Web 4.0 дәуіріндегі толықтырылған шындықтың дамуы шынайы және виртуалды әлемдерді ажырамастай қосады.Технологиялардың дамуы өмірге болашақтың интернетін Web 5.0-ді, ғаламдық ақпараттық өрісті әкеледі. Цифрлық кеңістік адамның ой-санасымен біріге отырып байланыста болады.
"Адамзаттың балалық шағы осылай жылдам өтіп барады. Адам, қорықпайсың ба?" Фото Getty Images сайтынан алынды
Ғаламдық ақпараттық өріс – Web 5.0 осылай жұмыс істейді. Адам, қорықпайсың ба?Фото Getty Images сайтынан алынды [caption id="attachment_224157" align="aligncenter" width="1393"] "Адамзат өркениеті нейронет дәуірінде қандай болатынын болжау қиын. Адам, қорықпайсың ба?" Фото Getty Images сайтынан алынды[/caption] Адам, менен қорықпайсың ба?Бірақ әлі күнге дейін ең көрнекті ақыл-ой иелері де нейронет дәуірінің болашағы қандай болатынын нақты сипаттай алмайды. Негізгі қиындық қажетті технологияларды жоғары деңгейде әзірлеуде емес, ғалымдардың адам миының жұмбақтарын әлі де шеше алмағанында.Бүгінде сарапшылар адамның басындағы ойларды эмоциялардан «тазарту» және мидан тікелей интернетке жүктелген контент «барлық қатысушыларға бірдей түсінікті болуы мүмкін бе?» деген проблемалардың түйінін таба алмауда.
Біздің ойымызша, тағы бір маңызды сұрақ технологиялардың көлеңкесінде қалып қойған. Машина адамдар үшін шешім қабылдағанда немесе адамға кеңес бергенде адамзатқа тән моральдық және этикалық нормаларды ескере ала ма? Бұл сұраққа жауап «болашақта машиналар адамдарға қарсы шығуы мүмкін бе»? деген қауіптің ықтималдығын болжау үшін қажет.Қазіргі соғыстарда қолданылатын шабуылдаушы дрондар өзінің компьютеріне енгізілген кез келген нысанға барып жарылады. Қаскөйлер дронды балабақшаға бағыттаса не болады?
Міне, болашақта жасанды интеллект машиналарды адамға қарсы, адамзатқа қарсы қолдануды шектей алатындай етіп жасалуы тиіс. Бұл жасанды интеллектке енгізілген бағдарламаға байланысты.Машина ертең «Адам, менен қорықпайсың ба?» деп сұраса, біз не деп жауап береміз?