Ауа ауыр қылмыс: Қарағандыда 17 жастағы қыз қылмыс үстінде ұсталды
Ауа ауыр қылмыс: Қарағандыда 17 жастағы қыз қылмыс үстінде ұсталды
© azattyq-ruhy.kz
1,452
оқылды
Қарағандыда 17 жастағы есірткі жасырушы ұсталды. Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 16 қазанда қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен қала көшелерінің бірінде 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған қыз ұсталған.
«Қыз баланың сөмкесінде 20 орам ерекше иісті, өсімдік тектес жасыл түсті заттар болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған заттар 35,09 гр марихуана есірткі заты екені белгілі болды. Ұсталған бойжеткен тамыз айының басында әлеуметтік желі арқылы «есірткі жасырушы» болып жұмысқа тұрғанын түсіндірді. Ол істеген жұмысы үшін ақшаны электронды-әмиян арқылы алып отырған. Бұл жағдайда кәмелеттік жасқа толмаған қыз өзіне жұмыс беруші «куратордың» нұсқауымен 20 орам марихуана есірткі затын айтқан жерлерге жасыру қажет болған», – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша  Қылмыстық кодекстің 297-бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.