"40 күннен кейін табылған жасөспірім өзіне қол салатынын айтқан": еріктілер мен құзырлы органдар баланың жағдайын тексеру үшін жолға шықты
"40 күннен кейін табылған жасөспірім өзіне қол салатынын айтқан": еріктілер мен құзырлы органдар баланың жағдайын тексеру үшін жолға шықты
instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
5,284
оқылды
Желіде Алматы облысында 1 айдан астам уақыт бойы іздеуде болып, кейін табылған баланың өмірі үшін алаңдайтын еріктінің бейнежазбасы жарияланды. Айтуынша, жасөспірім үйінен келесі жолы қашып кетсе, оны тірі күйінде таба алмайтынын айтқан. Мұралдың оқиғасы адамды шошытады. Еріктілерге өз отбасындағы өмірін баяндаған бала үйінен қашып кеткенін мәлімдеген. «Оны аш-жалаңаш әрі кір-қожалақ күйінде 20 күннен кейін ер адам тауып алған. Мұрал өз есімін атамай ер адамның үйінде 22 күн болған. Полицияға өгей анасы қорқытатынын, әкесі ұратынын айтқан»,– дейді ерікті Дильмира Блац. Әйел полициядан көмек сұрағанымен, одан қайыр болмай тұр. Жасөспірімнің «Бесінші рет менің мәйітімді табасыңдар» деген сөзі ойынан кетпейді. «Бала маған солай деді. Қылмыстық құрамның болмауына байланысты ата-ана құқығынан айыру өтініші кері қайтарылды деген жауап алдым. Баланың өз үйінен қашып кетуі бірінші жағдай емес екен. Полиция Мұрал өзіне қол салғанда қимылдай ма?», – деп күйінеді ерікті. Әкесі баланың қарсы болғанына қарамастан, оны үйіне алып кеткен. "Мұз жарылды деп айтуға болады. Іске Аружан Саин қосылды. Маған Балалар құқығын қорғау комитеті хабарласты. Қазір олар Астанадан ұшып шықты. Біз бәріміз Текелі жаққа жолға шықтық. Мұралды үйінен көреміз деп отырмыз. Біздің құзырлы органдар дұрыс шешім қабылдайды, бәрі жақсы болады деп ойлаймын", – деді кезекті бейнежазбасында ерікті Дильмира. Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім интернетпен байланыс жоқ жерден табылды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Волонтеры Алматы "LIDER.KZ" (@volontery_almaty_lider.kz)