Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады, - деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын.
Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі Елек өзені жағасынан екі адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.
https://www.youtube.com/watch?v=O7W4b2HOJMs