Ақтөбедегі өзен жағасынан қинап өлтірілген 2 адамның мәйіті табылды: 9 адам ұсталды
Ақтөбедегі өзен жағасынан қинап өлтірілген 2 адамның мәйіті табылды: 9 адам ұсталды
1,239
оқылды
Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады, -  деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын. Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі Елек өзені жағасынан екі адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=O7W4b2HOJMs