«Қазақстандық МакГрегор» бразилиялық файтерді 22 секундта жеңді
«Қазақстандық МакГрегор» бразилиялық файтерді 22 секундта жеңді
395
оқылды
Алматыда өтіп жатқан Naiza 46 турнирінде «Қазақстандық МакГрегор» лақап атымен танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Фанил Рафиков бразилиялық файтер жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz. Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте «қазақстандық Макгрегор» бразилиялық спортшы Тиаго Луис Бонифасио Сильвамен кездесті. Жекпе-жек 22 секундта Рафиковтың нокаутымен аяқталды. Айта кетейік, Фанил кәсіпқой мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, 21 жеңіс пен алты рет жеңіліс тапты.