Жемқорлық бойынша сотталған бұрынғы қаржы вице-министрі түрмеден шықты
Жемқорлық бойынша сотталған бұрынғы қаржы вице-министрі түрмеден шықты
Сыбайлас жемқорлық айыбымен сотталған бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев бостандыққа шықты. "Хабар 24" мәліметінше, сыбайлас жемқорлық айыбымен төрт жылға сотталған Руслан Еңсебаев 2,5  айдан соң, яғни сот үкімі шыққанына 81 күн болғанда бостандыққа шықты.
"Руслан Еңсебаев 1 млн 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот 4 жыл бас бостандығынан айыруды үкім етті, бірақ 2,5 айдан кейін бұрынғы шенеуніктің жазасын 66 миллион теңге айыппұл түрімен алмастырды. Тиісті қаулыны елордалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы шығарды", - делінген хабарламада.
Руслан Еңсебаев 2018 жылдың маусым айында ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды. 2021 жылы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Оған сәйкес ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды.