Үкімет тарапынан да жұмысшылардың мүдделерін қорғалуы тиіс
Үкімет тарапынан да жұмысшылардың мүдделерін қорғалуы тиіс
260
оқылды
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен облыстық сайлауалды штабтармен zoom-конференция өткізді. Үміткер үш облысқа барғандағы сапарының нәтижесімен бөлісе отырып, елдегі ірі кәсіпорындарының қызметкерлері, жас кәсіпкерлер және кәсіподақ мүшелерімен өткен кездесулер жайлы айтты. Өз кезегінде сенімді тұлғалар өңірлердегі штабтар жұмыстары туралы есеп берді. Онлайн-кездесуде сайлау науқанының барысы мен кандидаттың жоспарланған сапарларына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Сол күннің екінші жартысында Мейрам Қажыкен кәсіподақтар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, дөңгелек үстел өттті. Жиын барысында қатысушылар әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу тақырыптарын талқылады. Үкімет, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар бірлестіктері - қол қоятын басты келісім, қызметкерлердің мүдделерін жеткілікті деңгейде қорғауды қамтамасыз етпейтінін мәлімдеді. Президенттікке үміткердің айтуынша, әлеуметтік әріптестік – азаматтық қоғам факторларының бірі. "Әлемдік тәжірибеде екі тарап – жұмыс беруші мен қызметкердің пікірлері бір жерден шықпаса, онда талқылау барысында олар өзара тиімді шешімдерге қол жеткізеді. Сондықтан олар заң жүзінде, белгілі бір нормалар мен ережелерді қабылдау үшін мемлекетке тең серіктес ретінде көмекке жүгінеді. Бұл біз алдағы уақытта қол жеткізетін, тараптардың қарым-қатынасының жаңа форматы болмақ. Алайда бұл – қиын жол, себебі көптеген кәсіпкерлер жұмысшыларға сенбейді және болашақ қызметкерлер де жұмыс берушілерге көбіне сене бермейді. Мұның барлығы өткенде қалуы тиіс, біз бұл тәжірибеден біртіндеп бас тартуымыз керек", – деді ол. Айта кетейік, 2021 жылдың көктемінде ҚР Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және кәсіптік одақтардың республикалық бірлестіктері арасында 2021-2023 жылдарға арналған Басты келісімге қол қойылған. Құжаттың негізгі міндеттері – жұмысшыларға қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау. Кездесуге қатысушылар қолданыстағы үшжақты басты келісімді мемлекет тарапынан жауапкершілік бөлімінде күшейту қажет деген пікірге келді. Олар, сонымен қатар, бизнес және кәсіподақ өкілдерінің талқылауынан кейін жаңа құжат әзірлеу мүмкіндігін қарастырды.