«Қылмысты жасады деген күдікпен барлығы 13 адам ұсталды. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексерілуде. Сонымен қатар осы ауыр қылмыстың жасалғаны туралы айтпағаны және уақытылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамағаны үшін осы түнгі клубтың директоры ұсталды. Бұл клубтың лицензиясының күшін жою және оны жабу туралы сотқа талап енгізіледі», – делінген ПД хабарламасында.Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында алдағы уақытта Полиция департаментінің бастамасымен барлық көңіл көтеру орындары азаматтардың қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, лицензиясы бар күзет субъектілерінің тартылуына тексеріледі. Қылмыстық істің тергелу барысы туралы ақпарат қоғамға қадағалау органымен келісім бойынша ұсынылатын болады.
Ақтөбедегі екі жігіттің өлімі: күдікті 13 адам мен түнгі клубтың директоры ұсталды

577
оқылды
оқылды