Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.Түркістан облысының солтүстігіне тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Оңтүстіктен жел соғады, батыста, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда 1 қарашада көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда 1 қарашада түнде және таңертең көктайғақ. Батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Қызылорда облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, облыс орталығында 15-20 м/с күшейеді.
1 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Атырауда – оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз орталықта, Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, қарлы боран соғады. Оңтүстіктен соғатын жел батыстан соғады, облыстың басым бөлігінде күші - 15-20, күндіз солтүстікте, шығыста, облыс орталығында екпіні - 23-28 м/с. Ақтөбеде күндіз көктайғақ. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде – оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Өскеменде 1 қараша түнде тұман түседі.
Жетісу облысының таулы аймақтарында 1 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Алакөл ауданында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, батысы мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Семейде түнде тұман.
1 қарашада түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, қарлы боран соғады. Облыстың басым бөлігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 23-28 м/с. Қостанайда – көктайғақ, оңтүстіктен соққан жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.