Ақтөбе облысында кен орнында беймәлім сұйықтық ағып, айналаны ластады
Ақтөбе облысында кен орнында беймәлім сұйықтық ағып, айналаны ластады
507
оқылды
Ақтөбе облысында мұнай ұңғымасынан беймәлім сұйықтық ағып, айналаны ластады. 31 қазан күні Ақтөбе облысының экология департаментіне «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ қарасты «Кеңқияқмұнай» КМГДБ №797 ұңғымасынан сұйықтық аққаны туралы хабар түскен. Аталған дерек бойынша департамент инспекторы оқиға орнына барды. Оның барысында мынадай келеңсіз жайт анықталды.
"№797 ұңғымада негізгі оқпанның дәнекерленген жері ашылып кетті. Ластанған алаңның көлемі 3 168 шаршы метрді құрайды. Апаттың салдарын жою ісімен "Ақберен" ЖШС айналысып жатыр. Апат орнын тексеру кезінде ұңғымадан мұнай аралас сұйықтықтың әлі ағып жатқаны анықталды", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.