Желіде елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрттің видеосы пайда болды
Желіде елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрттің видеосы пайда болды
319
оқылды
Желіде елордада көпқабатты үйден шыққан өртті видеосы тарады. Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 17:39-да өрт сөндіру бөлімшелері Мәңгілік ел көшесінде көппәтерлі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына аттанған.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минуттың ішінде жеткен кезде көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатында өрт шыққаны анықталды. Қазіргі кезде өрт орнында елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 23 маманы мен 7 техникасы жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілуде. Өрт сағат 18:05-те оқшауланды», - деп атап өтеді департаменттен.