Павлодарда спорт мектебінің қаражатын жымқырған бухгалтерге сот үкімі шықты
Павлодарда спорт мектебінің қаражатын жымқырған бухгалтерге сот үкімі шықты
Фото: yandex.kz
194
оқылды
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Облыстық туризмді және спортты дамыту басқармасына қарасты «Батыр» балалар жасөспірімдер спорт мектебінің есепшісі бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады. Pavlodarnews.kz-тің дерегінше, мемлекетке жалпы сомасы 8,3 милиион теңге залал келген.
– Тергеу барысында айыпталушы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  2020 жылдың 11 қарашасына дейінгі кезеңде білім беру және ақылы қызметтерді көрсетуден, оның ішінде спорттық жабдықтарды, объектілерді жалға алуды, пайдалануды, коньки, шаңғы, роликті коньки, жүзу бассейндерін жалға беруден түскен түсімдерді (қолма-қол ақшаны) өндіріп алғаны белгілі болды. Сонымен бірге бухгалтерлік есеп ережесін бұза отырып, кассалық чек бермеген», – деп жазылған Экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.
Павлодар қаласының №2 соты үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.