"Өмір бойы ай сайын 318 мың теңгеден алып отырады": Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеме жасады
"Өмір бойы ай сайын 318 мың теңгеден алып отырады": Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеме жасады
© baq.kz
512
оқылды
Елімізде олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және әлем чемпионы атанған спортшыларға берілетін ай сайынғы материалдық төлем мөлшері өсті. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
«Қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындары жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарына өмір бойы берілетін ай сайынғы қамсыздандыру мөлшері өсті. Аталған төлем осыған дейін 24 айлық есептік көрсеткішті (76 380 теңге) құрап келген. Биыл министрліктің Үкіметке жасаған ұсынысы қолдау тауып, ай сайынғы қамсыздандыру көлемі 100 АЕК-қа дейін (318 000 теңге) артты», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ресми ақпаратта айтылғандай аталған төлемді алу үшін спортшылар мен бапкерлердің сала бойынша 20 жыл еңбек өтілі болуы тиіс.
«Бұл өзгерістер спортшыларды ғана емес, олардың бапкерлеріне де қатысты. Яғни, олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарын тәрбиелеген бапкерлері де өмір бойы алатын ай сайынғы қамсыздандыруға құжаттар тапсыра алады», - дейді комитеттен.