Қостанай қаласында жаттығу залына кетіп, із-түзсіз жоғалған 17 жастағы Ирина Сергушова табылмай жатыр. "Наш Костанай" порталы.
29 қазанда Иринаның анасы полицияға арыз жазды. Содан бері іздестіру жұмыстары тоқтамай жатыр.
"Қазіргі кезде іздестіру шаралары атқарылып жатыр. Оған полицияның барлық жеке құрамы тартылды. Жоғалған қызды көрген адам болса, 102-ге хабарласуды сұраймыз", – дейді тәртіп сақшылары.