Риддерліктер қаланы жылусыз қалдырған ЖЭО басшылығын жауапқа тартуды талап етуде
Риддерліктер қаланы жылусыз қалдырған ЖЭО басшылығын жауапқа тартуды талап етуде
220
оқылды
Жылу маусымы басталмай жатып-ақ Риддер ЖЭО тұтынушыларына бірқатар жағымсыз тосын сыйлар жасап үлгерді. 23 қазанда №3 қазандықтың апатты сөндірілуіне байланысты қала тұрғындары бір тәулікке жуық жылусыз және ыстық сусыз қалды. Риддер тұрғындары қыста мұндай жағдай қайталануы мүмкін деп қауіптенеді. Қала тұрғындарының 90 пайызын жылумен қамтамасыз етіп отырған «Риддер ЖЭО» АҚ соңғы жылдары жиі дауға қалып жүр. Риддердің маңызды коммуналдық қызметі жекенің қолында және кәдімгі бизнес-жоба. Мемлекеттің оның жұмысына араласуға құқығы жоқ. Алайда, болып жатқан оқиғалар облыс басшылығының бұдан былай ЖЭО жұмысына араласуына мәжбүрлейді. Былтырдан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жылу орталығының жылу беру маусымына дайындығын өзі қадағалап отыр.  width= Зауыт алғаш рет 1956 жылы пайдалануға берілген. 1997 жылдан бері «Риддер ЖЭО» АҚ америкалық компанияның меншігінде болды, ал 2018 жылы компанияны қазіргі иелері GREEN ENERGY Q компаниясы сатып алды. Жасыратыны жоқ, көп жылдар бойы стансадағы қондырғылар тозып, жаңа қожайындар оны жаңғыртуды үнемі кейінге қалдырып келеді. Соның салдарынан ЖЭО төңірегіндегі шу биылдан бастап қыза бастады. Ал қажетті жөндеу жұмыстары облыс әкімдігінің араласуынан кейін ғана биыл жүзеге асты. Коммуналдық нысанның жаңа қожайындары өз қызметтерінің 70 пайызына дейін сататын негізгі тұтынушы – «Қазмырыш» металлургиялық кешеніне бірден дерлік талаптарды күшейте бастады. «Қазцинк» басшылығының айтуынша, Риддер ЖЭО әкімшілігі монополиялық жағдайын асыра пайдаланған. 2018 жылы ол турбогенераторды жаңартуға 7 жыл алдын ала төлем есебінен төлеуді талап еткен. Ол кезде бұл сома 5,5 миллиард теңгені құраған және жылу энергиясының нарықтық құнынан 1,5 есе артық. Бұдан бас тартқан металлургиялық кешенді ЖЭО қызметінен ажыратты. «Қазцинк» тек сот арқылы және қосымша қызметтерді төлеуге келіскеннен кейін ғана жылуға қол жеткізді.  width= Қарапайым тұтынушылар – орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты үйлер мен жеке үйлердің тұрғындары сәл ғана жылитын батареялар мен ыстық су шүмегіндегі суық суға да шағымдана бастады. Маусымнан маусымға дейін бұл қайталана берді, ал кәсіпорын жауапкершілікті тұрғындардың өздеріне аудара берді. 2021 жылы ЖЭО-ның 90 қызметкері ұжымдық хатқа қол қойды. Онда олар «Риддер ЖЭО» АҚ президентінің міндетін атқарушы О.Имашеваның басшылығына, қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық басқару саясатына қанағаттанбайтындары көрсетілген. Үндеу бірқатар мемлекеттік органдарға, соның ішінде Бас прокуратура мен Энергетика министрлігіне жолданған. Хатта айтылғандай, жаңа басшылық келгенге дейін кәсіпорында тәртіп орнады, жалақы еңбек шығындарына сәйкес болды. Ал жаңа басшылық жылу электр орталығын дамытуға ешқандай үлес қоспайды, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, жоғары білікті мамандар жұмыстан босатылады, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің жұмысы ескерілмейді. «Риддер ЖЭО» АҚ атқарушы директоры Рүстем Қоңыров сол кезде хатты көрмегенін және ондағы деректерді мойындамайтынын айтқан болатын.  width= Өткен қыста жылу электр орталығында апат болды. Жағдайды тұрақтандыру үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддерге өзі барды. Өңір басшысы көшпелі жиындар өткізіп, компания проблемалардың ауқымын, оны шешу жолдарын түсінбей отыр деген қорытындыға келген. Жағдайдың қайталанбауы үшін 2022 жылдың мамыр айында аймақ басшысы үкіметтен жергілікті жылу электр орталығына жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін Риддерге республикалық комиссия жіберуді сұраған.
«Риддер ЖЭО-да бір апат, 1-дәрежелі екі апат және 2-дәрежелі 454 апат орын алған, оның көпшілігі электр желілерінде. Риддер ЖЭО-да алты қазандық бар. Мен өзім осы ЖЭО бойынша үш жиналыс өткіздім. Қазіргі уақытта инвестор қиын жағдайда, ол жұмысты неден бастарын, оны қалай жүргізетінін білмей отыр», - деді Даниал Ахметов.
ҚР Энергетика министрлігі профилактикалық тексеру жүргізіп, ағымдағы жылдың соңына дейін оларды жою мерзімі белгіленген энергетикалық жабдықты пайдалану бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзудың 70 фактісін анықтады. Сонымен қатар, күзгі-қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындығы туралы анықтама алынбаған. Негізгі құрал-жабдықтардың тозығы жеткені және күрделі жөндеуді қажет ететіні белгілі болды.  width= Кәсіпорынның қысқа дайындалуын қамтамасыз ету үшін Даниал Ахметов барлық бюджеттік ұйымдарға жылуға алдын ала төлем жасауды және сол арқылы ЖЭО-ны жөндеу жұмыстарын қаржымен қамтамасыз етуді тапсырды. Тамыз айында облыс әкімдігінде өткен жиында ЖЭО басшылығы турбиналар мен жылу трассаларының бір бөлігі жөндеуден өтіп, көмір қызу жеткізіліп жатыр деп сендірді. Жаңа жылу маусымы келді, бірақ салқын батареялар мен шүмектерде ыстық судың жоқтығы туралы пікірлер әлеуметтік желілерде қайтадан пайда бола бастады. Ал 24 қазанда ЖЭО-да төтенше жағдай орын алды - қазандықтар істен шығып қалды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жылу электр орталығы басшылығы мазуттың сапасын бақыламағанын айтты. Ол сумен сұйытылған болып шықты, сондықтан бүкіл қала жылусыз қалды.
«Менің басшылығыммен жедел штаб құрылды», – деді Даниал Ахметов.
Жылу электр орталығының жұмысын қалпына келтіру үшін облыс әкімдігі аймақтағы басқа да кәсіпорындарды тартуға мәжбүр болды. «Казцинк» ЖШС қоймаларынан Риддерге 60 тонна мазут жөнелтілді. Тағы 120 тонна Өскемен жылу электр орталығынан жеткізілді. Қазіргі кезде жылу орталығы бір айлық көмірмен қамтамасыз етілген. Алайда 31 қазанда Риддер ЖЭО-да тағы да төтенше жағдай орын алды – жоғары қысымды қазандық істен шықты. Үйлердегі батареялар суыта бастады. Халық тағы дабыл қақты. Жылу орталығының басшылығынан сенімді ақпарат алу мүмкін емес. ЖЭО басшылығы байланысқа шықпай отыр. Бір күннен кейін сенімді ақпарат көздерінен апаттың жойылғаны, қазандық жанып жатқаны, бұл 4-5 сағатқа созылғаны белгілі болды. Қала тұрғындары суықта бұл қайталануы мүмкін деп қорқады. Риддерліктер ЖЭО басшылығының әрекетін қасақана ұйымдастыру деп атап, жеке меншік иесін жауапқа тартуды сұрап, облыс басшысына жүгінді. Облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Риддер ЖЭО басшылығының салғырттығына қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Өйткені, барлық дерлік қала тұрғындарының әл-ауқаты мен денсаулығы қарап отырған маңызды стратегиялық нысанның әрекетін тиісті бақылаусыз қалдыру қауіпті.