Жигули Дайрабаев Қарағанды ботаникалық бағын жойылудан сақтап қалу қажеттігін айтты
Жигули Дайрабаев Қарағанды ботаникалық бағын жойылудан сақтап қалу қажеттігін айтты
323
оқылды
«Ауыл» партиясы мен кандидат Жигули Дайрабаев ботаникалық бақтың болашағына алаңдаулы Жигули Дайрабаев Кейбір мемлекеттік құрылымдар тұрғын үй алаптарын салу мақсатында ҒЗИ ботаникалық бағының жерлеріне көз тіккен сыңайлы. Соңғы  кездері сондай қауіп бар. Осыған байланысты «Ауыл» партиясы мен кандидат Жигули Дайрабаев ботаникалық бақтың болашағына алаңдаулы.
 «Ботаникалық бақ, зерттеу орталығы сияқты, қазақстандықтар, әсіресе Қарағанды тұрғындары үшін маңызды нысан. Бұл жерлерді кәсіпорыннан қаланың келесі көпқабатты үйлері немесе тұрғын үй алаптарын салу үшін алуға болмайды. Мен ғылыми-зерттеу, ағартушылық және зерттеу мақсатында тірі өсімдіктердің коллекциялары зерттелетін және көрсетілетін аумақты жоюмен мүлдем келіспеймін. Технологиялардың дамуымен және адамзаттың жаңа жетістіктерімен өсімдіктерді және олардың ауруларды емдеудегі мүмкіндіктерін терең зерттеу бұрынғыдан да өзекті болып қала береді», – деді Жигули Дайрабаев.
Сондай-ақ, кандидат Жигули Дайрабаев ғылыми орталық қызметкерлерін өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ғалымдар ғылыми саланы, атап айтқанда, дәрілік препараттарды өндіру саласын дамыту, оның болашағы туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Кездесу соңында бойынша жиналғандар кандидатқа сайлауалды жарыста сәттілік тіледі.