Марфуға Бектемірова тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Астанада көрнекті ақын, аудармашы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Марфуға Бектемірова тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.
Мемориалдық тақта Абылай хан даңғылы, 49/3 мекенжайында орналасқан. Қазақ әдебиетінің алтын қорына айналған ең танымал шығармалары осы қарашаңырақта жазылған.
[caption id="attachment_225214" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына Оқу-ағарту вице министрі Ғани Бектаев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаров, Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Қанәлімов, Жазушылар одағының Астана филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, Amanat партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшы Берік Жәкенов, ақын Ербол Бейілхан, Ақмола облысы Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова тағы да басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.
[caption id="attachment_225215" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Алғашқы сөз Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Қанәлімовке берілді.
– Талантты ақын, халықаралық «Алаш» стипендиясының жүлдегері қамшының сабындай қысқа өмірінде елдік мәселелерге араласып, өзінің өлеңдерімен поэзияда ғана емес, журналистикада да игі қолтаңбасын қалдырды. Оның шығармалары қазақ поэзиясының үздік туындыларының қатарына енді. Қазақ жұрты ақындарын құрметтеп, сөздің қадірін түсінген – халық. Өткен жылы елордада ақынды еске алуға арналған әдеби кеш өтіп, жыр жинағы шықты. Ал бүгінгі мемориалдық тақтаның ашылуы – Марфуға Бектемірованың рухына деген шынайы құрметіміз бен ыстық ықыласымыздың көрінісі, – деді Ерлан Каналимов.
[caption id="attachment_225216" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Марқұм Марфуға Бектеміровамен бірге бес жыл бойы журналистикада оқыған жазушы Әлібек Асқаров сөз сөйлеп, өткен күндерді еске алды.
– Алты жыл сырттай оқыдық. Ол кезде курстастар жылына екі рет кездесетін едік. Өзім топтың старостасымын. Оның үстіне, сурет училищесін бітіріп, әскерден кейін түскендіктен топтың үлкені болдым. Өзімізше топтағы кішкентайларды көзге ілмей, бөлек жүрдік. Міне, сол ұсақтардың ішінен талай талантты қыз-жігіттеріміз шықты. Соның бірі – Марфуға Бектемірова, – дейді жазушы.
[caption id="attachment_225217" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
«Өлдім деп айтпа, артынан өлімсіз сөз қалды» деп Абай атамыз айтқандай, марқұм апамыздың өлеңдері өсіп келе жатқан ұрпаққа мұра боп қалды» деген Amanat партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшы Берік Жәкенов марқұмды және оның шығармашылығын ұмыттырмай, іздеушісі барына жолдасына разылынғын білдірді.
[caption id="attachment_225218" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
– «Ғалымның хаты өшпейді, ақынның аты өшпейді» деген қазақта жақсы сөз бар. Соның дәлелі ретінде Астана қаласы әкімдігінің қолдауыменен қазақтың қайсар, ақын қызының ескерткіш тақтасының ашулыуына бас қостық. Бұл да бір елдіктің, егемендіктің көрнісі іспеттес. Ал Марқұм Марфуға Бектемірованың өмір жолы – бүкіл қазаққа үлгі боларлық нәрсе. Ол 14 жасында жазған «Аққуым менің» әні әлі күнге дейін ұмытылмай, ел жадында сақталған, – дейді Оқу-ағарту вице министрі Ғани Бектаев.
Сонымен қатар, ақынның жерлестері атынан Ақмола облысы Мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова: «Ән көкше, жыр көкше» демекші, Көкшенің ән ордасы, сал-серілер отына екенін білесіздер. Елімізге танымал тұлғалардың көбісі сол жерде дүниеге келген. Соның бірі - Марфуха апайы. Өмір жорлын Зеренді ауданынан бастаған ол, әр қашанда елім, жерім дегене үмітті үкілеген жан. Мәдениетіміз бен тілімізді өскелең ұрпаққа насихаттап, жаңғыртып жүрді. Сондықтан Марфуға апайдың есімі әрқашан есімізде, жүрегімізде қалды», - деп сөз сөйледі.
[caption id="attachment_225219" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Жазушылар одағының Астана филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы марқұмды жылы лебізін білдіріп, шығармашылығын еске алды. Артынан Ақын Ербол Бейілхан марқұмға арнаған өлеңін оқыды.