Денсаулық сақтау министрлігі оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқуға көшірілетінін мәлімдеді
Денсаулық сақтау министрлігі оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқуға көшірілетінін мәлімдеді
© bilimdinews.kz
251
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сай, сынып оқушыларының ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциясы) жұқтыру көрсеткіші 30 пайыздан асса, білім беру қашықтан оқу форматына ауыстырылады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Пандемия кезінде қалыптасқан жағдай бойынша қазір білім беру ошақтарында қашықтан оқыту (онлайн) мүмкіндігі қарастырылған. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің талабына сәйкес, бір сынып оқушыларының 20-30 пайызы ЖРВИ-мен ауырған жағдайда қашықтан оқыту жүйесіне көшіру ұсынылады. Ал бір сыныпта ЖРВИ-мен сырқаттанушылардың үлесі 30%-дан асқан жағдайда оқу онлайн форматқа ауыстырылады», – деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін елімізде 1,8 млн адамға тұмауға қарсы вакцина егілгені туралы хабарлағанды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 392 076.