Синоптиктер 12 өңірде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер 12 өңірде дауылды ескерту жариялады
456
оқылды
Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

04 қараша Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с оңтүстік-батыс желі күтіледі. Алматы қ.: 04 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 04 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.

4 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 04 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

4 қарашада Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

4 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдардағы көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.

4 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Семей қ.: 04 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

4 қарашада Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, күндіз облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде батысында 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 04 қарашада таңертең және күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертен 04 қарашада Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с

4 қарашада күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

4 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ: 04 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Қостанай қ: 04 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең 04 қарашада Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: түнде және таңертең 04 қарашада тұман күтіледі.