Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады
Танзанияда жолаушылар ұшағы көлге құлады
4,981
оқылды
Танзанияда 43 адам отырған жолаушылар ұшағы көлге құлады, – деп хабарлайды Inform.kz. Жергілікті полиция таратқан мәліметке сәйкес, Танзанияның солтүстік-батысындағы Букоба қаласының әуежайына қонуға бағыт алған ұшақ Виктория көліне құлаған. Апатқа ауа райының қолайсыздығы себеп болған деп хабарланды. Жолаушылар ұшағы Дар-эс-Салам қаласынан ұшып келе жатқан. Жергілікті билік өкілдері мәлім еткендей, бортта болған 43 адамның 26-сы құтқарылған. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталған жоқ.