Азия чемпионатында тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты
Азия чемпионатында тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты
Бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты. Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Жакшылык Талайбековпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салды. Қазақстандық боксшы үш раунд бойы қарсыласының алдын орап, басымдылығын таныта білді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Дулатқа берді – 5:0. Бұл – Дулат Азия чемпионатында қандай ма бір алғашқы медалін алады деген сөз. Д.Бекбауов бірінші кездесуінде түрікменстандық Сапармұрат Одаевты сүріндірген еді.